Herefords Australia
Russian Language PageChinese Language PageKazak Language Page 
Herefords Australia - Performance Cattle, Superior Beef

Kazakh Language Page

Неге Австралиялық герефорд дейсіз бе?

Герефорд - ең көне британиялық тұқым
Герефорд тұқымының тарихы 1700-жылдардың орта шенінен бастау алады және сиыр етін өндіру саласында тиімділігі дәлелденген британиялық көне тұқымдардың бірі ретінде  уақыт сынағынан өтті. Герефорд сиырларын Австралияда өсіру тарихы да ұзақ жылдарды қамтиды, бұл олардың әртүрлі климатқа - Альпы тауларының салқын климатынан орталық Австралияның ыстық климатына дейін - бейімделе алатынын дәлелдейді. Герефорд тұқымы басында олардың ең негізгі табиғи басымдылығы болып табылатын ас қорыту тиімділігі үшін өсірілген.  

Неге герефорд сиырлары дейсіз бе?
Герефорд тұқымының сиыр етін өндіру сапасын жақсартатын ерекше қасиеттері бар:

  • Тамаша төлдеу және аналық қасиеттері
  • Әртүрлі климат, қоршаған орта және күтім жағдайларына бейімділігі
  • Герефорд сиырларын далада жаю немесе арнайы қашаларда бағу мүмкін болғандықтан, жеңіл салмақты тауар саудасы мен ауыр экспорт саудасының екеуінің де талаптарына жауап береді
  • Асты ерекше жақсы қорыту қасиетінің арқасында әртүрлі қорек көздерін қанағат тұтып, тамаша өскелеңдік көрсетеді
  • Тұтас етінің сапасы мен өнімділігі жоғары
  • Белгілі жуастығы күтім жұмыстарын жеңілдетеді, нәтижесінде етінің сапасы артады

Неге Австралиялық герефорд дейсіз бе?

  • Австралия жоғары сапалы сиыр етінің таза, қоршаған ортаға жайлы және табиғи өндірушісі ретінде әлемге белгілі.
  • Австралиялық малшылар сиыр өсіру мен бұл өндірісті басқару саласында көшбасшылар ретінде танымал.
  • Австралия мемлекеті бүкіл Австралия бойынша мал шаруашылығын тиімді жолмен бақылауға бағытталған мал өсірудің ұлттық анықтамалық жүйесін (NLIS) қолданады.
  • Австралия мал өсіру саласындағы басты мал дерттерінен ада мемлекет ретінде танымал болғанына біраз уақыт болды.
  • Австралия герефордтарының әртүрлі климатқа бейімділігі мен мерзімдік өзерістерге төзімділігі дәлелденген.
  • Австралиялық герефорд өсірушілер әлемнің ең озық технологиясын және даму сатыларын бақылау және Австралиялық герефордың генетикалық мүмкіндіктерін дамыту жүйелерін қолданады

Ресейге арналған герефордтар
Герефорд тұқымы өнім шығынын азайтып, түсім өсімін қалайтын ресейлік сиыр етін өндірушілер үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.  Герефорд тұқымы табыныңыздың өнімділігін тиімді және икемді қоректендіру жүйелері арқылы арттыру потенциалын ұсынады, нәтижесінде түсіміңіз артып, кәсібіңіздің тұрақтылығы артады.

Герефордар әртүрлі климат жағдайларына, әртүрлі ортаға және күтім жүйелеріне бейімді болады.  Австралияда олар құрғақ далада және таулы аймақтарда тіршілік етеді, суық климаттар мен қарлы ауа-райында ешқандай таса қажет етпейді. Олардың сіздің аймағыңызда бейімділік танытатыны сөзсіз.

Herefords Australia
Herefords Australia компаниясы - Австралияда герефорд өсіру өндірісін дамытуды қолдайтын маңызды өндірістік ұйым.

Herefords Australia компаниясы герефорд тұқымын өсірушілері мен герефорд сиырларын сауда үшін өсірушілердің екеуінің де мүддесінде қызмет етеді:

  • Австралиялық герефорд өсірушілердің желісімен жақсы таныс және герефорд өндіргіш бұқалар туралы мәліметтер мен коммерциялық ақпаратқа ие
  • Австралиялық герефорд өндіргіш бұқа аккредитациясын беретін жалғыз ұйым  (асыл тұқым сертификаты)
  • Сиыр етін экспорттаушы компанияларға сол елдердегі нарық талаптарына жауап беретін герефорд тұқымдарын анықтауға көмектеседі.
  • Еліңізде әлемдік санаттағы герефорд сиыр етін өндіру жұмысын тиімді қалыптастыруды және дамытуды қадағалайтын қажетті бағалау жүйелері мен деректерге ие.
  • Таныстыру, фермаларды аралату қызметтерін және Australian Herefords компаниясы мен өндіріс жүйелерінің пайдасы туралы презентациялар ұсынады
  • Герефорд сиыр етін өндіру кәсібіңізді дамыту жолындағы сенімді серіктесіңіз болады.

Сізге сапалыөнім жабдықтау үшін барлық деңгейде қажетті тәжірибеміз бар екеніне сенімді болыңыз.  Герефорд сиырларын тікелей Австралия фермаларынан Ресей фермаларына жеткізу үшін біз біріктірілген жеткізу жүйелерін қолданамыз.

Толығырақ ақпараттты келесі байланыс арқылы алыңыз:

Джон Мак Кью
Бас атқарушы директор
Herefords Australia Limited
jmckew@herefordsaustralia.com.au
немесе келесі веб-сайттан қараңыз:
www.herefordsaustralia.com.au 

    

 


Contact Herefords Australia
16 Uralla Road
Locked Bag 7
Armidale NSW 2350

Phone
+61 2 6772 1399
Fax +61 2 6772 1615
Office Hours 8.00am to 4.00pm (GMT+10)
Email info@herefordsaustralia.com.au